Ромни Обамадан «дәулетті»
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Республикалықтардың атынан сайлауға түсіп отырған АҚШ президентіне кандидат Митт Ромни сайлау компаниясына қаражатты жинауда АҚШ-тың қазір әрекет етуші президенті Барак Обамаға қарағанда әлдеқайда олжалы,
- деп хабарлайды Америка мемлекет басшысының Twitter-аккаунты .
Маусым айында демократтар 71 млн. доллар жинаса, республикалықтар 106 млн. доллар жинап үлгерді.
«Маусымда Барак Обамаға сайлау компаниясына 706 адам, соның ішінде 181 адам бірінші рет ақша өткізді», - деп айтылған сайлау штабының хабарламасында. Қайырымдылықтың орташа мөлшері - 100 доллар.
«Егер біз сайлаудан жеңілер болсақ, онда оған қарсыласты мүмкіндік бар кезде қуып жете алмағанымыз себеп болады», - деді штабтағылар. Обама штабының қызметкерлері оны жақтаушыларға Обама шығындары бойынша қарсыласымен бәсекелесе алмайтын тарихтағы тұңғыш президент болуы мүмкін дегенді жиі айтады.
. BNews.kz