Роналду ЕУРО-2016 додасындағы жеңісті өз мансабындағы ең керемет сәт деп атады
Жексенбі күні Еуропа чемпионатында Португалия құрамасы қосымша уақытта Франция командасын 1:0 есебімен жеңді. Криштиану Роналду жарақаты салдарынан матчтың 25-ші минутында ойыннан шықты.
"Франция командасын жеңгенімізге қуаныштымын. Бұл менің карьерамдағы ең керемет және бақытты сәттерімнің бірі. Ұлттық құрамамен бас жүлдеге ие болып, тарихта із қалдыруды армандайтынымды әрдайым айтып жүрдім. Оған қол жеткіздім", - деді португалиялықтардың капитаны.
"Команда бойынша жолдастарыма, бапкерге, біз үшін алаңдаған барша португалиялықтарға алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін және Португалия халқы үшін ерекше сәт. Біз бұл жеңіске лайықпыз", - деп қосты Роналду.
Криштиану Роналду Еуропа чемпионаттарындағы финал ойындарына қатысу бойынша рекордсмен атанды. Роналду 21 ойын өткізген, осылайша ол француз Лилиан Тюрамнан және голландиялық Эдвин ван дер Сардан төрт ойын артық ойнаған.