Роналду қатарынан екінші рет Еуропаның үздік спортшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал Мадрид» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2017 жылдың қорытындылары бойынша қатарынан екінші рет Еуропаның үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды мадридтік клубтың ресми сайты .
None
None

Бір айдан соң 33 жасқа толатын шабуылшы 26 халықаралық ақпарат агенттігінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне орай бірінші орынды иеленді. Футболшы осы атаққа таласқан Формула-1 шебері Льюис Хэмилтон, теннисшілер Роджер Федерер және Рафаэль Надальды артқа тастады.

Еуропаның үздік спортшысын анықтау бастамасын алғаш рет 1958 жылы Польшаның РАР ақпарат агенттігі көтерген болатын, содан бері аталым жыл сайын кәрі құрлық спортшылары арасында жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар