Роналду өз қақпасына гол соқты

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - «Реал» футболшысы Криштиану Роналду спорттық мансабында алғаш рет өз қақпасына гол соқты. Соның нәтижесінде Испания чемпионатының аутсайдері «Гранаде» командасынан ұтылды, деп хабарлайды спорттық БАҚ-тар.

Роналду өз қақпасына гол соқты

Испанияның Гранаде қаласында өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудің 22-ші минутында Роналду допты басымен қиып ұрамын деп, оны абайсызда өз қақпасына бағыттап алды. Ал осыдан кейін «Реал» есепті теңестіре алмады.