Роналду - Португалия тарихындағы ең үздік шабуылшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду осы ел тарихындағы ең үздік шабуылшы болып танылды.

Роналду  - Португалия тарихындағы ең үздік шабуылшы

Ол ұлттық құраманың сапында жалпы 49 гол салған екен.

Бұл рекорд Камерун құрамасымен жолдастық кездесу барысында орнатылды. Ойында Португалия 5:1 есебімен жеңіске жетіп, Роналду онда 48-ші және 49-шы голдарын салды.

Осының алдында португалдық шабуылшылардың тізімінде Паулета көш бастап тұрған еді. Оның еншісінде құрама үшін 47 гол тіркелген. Содан кейінгі орында 41 голмен танымал Эйсебио тұрақтады.

Атап айтқанда, үздік бестіктің құрамына Луиш Фигу (құрама үшін 32 гол) мен Нуну Гомеш (29) еніп отыр.

Сонымен қатар испандық «Реал Мадрид» клубының сапында ойнап жүрген Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы ретінде танылды.