Роналду табысы көп ойыншы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналының нұсқасы бойынша мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ең қымбат ойыншылар тізімінің көшін бастады, деп хабарлайды ТАСС.

Роналду табысы көп ойыншы атанды

Өткен жылы португалдық футболшы $93 млн табыс тапқан. Тізімнің екінші орнына Ұлттық баскетбол қауымдастығы «Кливленд» клубының ойыншысы Леброн Джеймс ($86,2 млн) жайғасқан. Үздік үштікті «Барселона» футбол клубының белді мүшесі Лионель Месси ($80 млн) түйіндейді.