07:57, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
Роналду жарақат алуы себепті ӘЧ топтық турниріне қатыспауы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия ұлттық құрама сапында әлем біріншілігіне дайындалып жатқан шабуылшы Криштиану Роналду жарақаттанып қалды, деп жазады football.sport-express.ru.
Оның жамбасы ауырсына бергендіктен қазіргі сәтте сауықтыру курсын алып жатыр. «Реалдың» форварды плей-офф кезеңіне сақадай сай болу үшін әлем чемпионатының топтық кездесулеріне қатыспауы мүмкін деген қауіп бар.
Португалдықтар G тобында Германия, Гана және АҚШ құрамасымен бақ сынасады. Паулу Бенту шәкірттері алғашқы кездесуін 16 маусымда немістерге қарсы өткізуге тиіс.