07:52, 30 Шілде 2015 | GMT +5
Роналдудың тағы бір балауыз мүсіні пайда болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Криштиану Роналду Мадридтегі Балауыз мүсіндер мұражайына тапсырыс берді. Енді таяу арада атақты футболшының үшінші балауыз мүсіні пайда болады, деп хабарлады www.24.kz.

Роналду өз «көшірмелерін» туған жері Португалияда тамыз айында өтетін арнайы спорттық көрмеге шығарып қояды екен, деп хабарлайды espanarusa.com. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жария еткен. Роналду сол жердегі суретінің астына «Жаңадан шаш сәнін жасаудамын» деп оп-оңай әзілдегенімен, мүсінді футболшыдан аумайтындай етіп шығару үшін оның стилистері біраз тер төгіп, ауыр күндерді бастан кешірген.