"Росатом" шетелдік серіктестерді атом отынымен қамту жөніндегі келісімшарт көлемін 20 млрд. долларға дейін жеткізеді

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - "Росатом" 2010 жылдың аяғына дейін ресейлік атом отынын шетелдіктерге жеткізу жөніндегі келісімшарттың көлемін 20 млрд. долларға дейін көтеруді жоспарлап отыр.

"Росатом" шетелдік серіктестерді атом отынымен қамту жөніндегі келісімшарт көлемін 20 млрд. долларға дейін жеткізеді

Соның ішінде америкалық нарық 4 млрд. долларға жеткізілмекші. Бұл туралы бүгін "Росатом" президенті Сергей Кириенко Ресей Федерациясы Үкіметінің президиум мәжілісінде мәлім етті, - деп хабарлайды РБК.