«Роскосмос» Мұхтар Аймахановты ресейлік ғарышкерлер қатарына қабылдауды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Олег Остапенконың төрағалық етуімен ғарышкерлерді іріктеу және оларды кеме экипажы және Халықаралық ғарыш стансасы (ХҒС) құрамына тағайындау жөнінде ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Роскосмос» Мұхтар Аймахановты ресейлік ғарышкерлер қатарына қабылдауды ұсынды

Баспасөз қызметі атап өткендей, ВАК күн тәртібінің негізгі мәселесі Мұхтар Аймахановтың Ресей ғарышкерлерінің қатарына қабылдау туралы өтінішін қарау және ХҒС (ХҒС-43/44 - ХҒС-47/48) қырық үшінші - қырық сегізінші экспедициясының және қатынау экспедициясының (ҚЭ - 18) негізгі және қосалқы экипаждарын айқындау болды.

«М.Аймахановтың өтінішін қарап, «Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығы (ҒДО)» ҒЗИ» ФМБМ баяндамасын тыңдап, ведомствоаралық комиссия «Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығы (ҒДО)» ҒЗИ» ФМБМ-ге Аймаханов Мұхтар Рабатұлын Бас медициналық комиссия тексерісі нәтижесі бойынша "Роскосмос" ғарышкерлері жасағына лауазымға қабылдауға ұсыну шешімін қабылдады» - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының сынақтан өтуші ғарышкері Мұхтар Аймаханов ғарышқа ұшу арманына жету үшін 2012 жылдың аяғында ресейлік ғарышкерлер жасағына қосылып, Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған болатын.