Роскосмос «Прогресстің» құлауына кінәлілерді жұмыстан шығарады
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Роскосмос «Союз-У» зымыран-тасығышы бар «Прогресс М-12М» жүк ғарыш кемесiнiң құлауына кінәлілерді жұмыстан шығарады.
Бұл туралы бүгiн РИА «Новости» бейнекөпірі барысында Роскосмостың статс-хатшысы - жетекші орынбасары Виталий Давыдов хабарлады.
«Біз үшін бұл ауыр соққы, бұл оқиға кінәлі тұлғалар үшін, орны толмас қателікті жіберген адамдар үшін кадрлық шешімдермен аяқталып, талқылау жүргізу үшін маңызды себеп болмақ. Әрине, ол адамдар енді бізде жұмыс істемейді», - деді В.Давыдов.
Оның сөзіне қарағанда, Роскосмос апаттың себебін әлі толық анықтаған жоқ.