11:52, 05 Тамыз 2015 | GMT +5
«Роснефть» басшысы Путинге бензин тапшылығы орын алатындығын ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Игорь Сечин 2017 жылы Ресейде бензин тапшылығы орын алуы мүмкін екенін ескертті. Бұдан шығар жол - мұнай өңдеушілерге жаңа жеңілдіктер қарастыру, деп жазды «Роснефть» басшысы РФ президенті Владимир Путинге жолдаған хатында.

Бұл туралы Утро.ру. хабарлады.
Хатында ол қаңтардан бастап қолданыстағы салық маневрі осындай ауыр жағдайға соқтыратындығы жайлы өз пікірін білдірген. Мұның салдарынан бірнеше МӨЗ-ді жаңғырту мәселесі созылуда, деп санайды Сечин.
Салық маневрі - мұнай мен мұнай өнімдеріне экспорттық бажды кезең-кезеңмен төмендету және бір уақытта пайдалы қазбалар өндіруге салықты арттыру.