Роспотребнадзор Ресейдегі А/H1N1 тұмауының 570 оқиғасын есепке алды
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Ресейде А/H1N1 тұмауының 570 оқиғасы анықталды. Бұл жөнінде бүгін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Геннадий Онищенко мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Интерфакс» сайтына сілтеме жасап.
Онищенконың айтуынша, жаңа тұмаудың Ресей Федерациясындағы тіркелгендердің басым бөлігі бұрынғыша сырттан жұқтырғандар болып табылады: 570 аурудың 491-і ауырар алдында шет елдерде болып келгендер.
Онищенко А/H1N1 тұмауынан қаза болғандардың Ресейде тіркелмегенінін атап айтты.