«Россельхознадзор» Қазақстандағы киіктердің қырылуы себебін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуына геморрогиялық септицемия өткір септикалық ауруы себеп болуы мүмкін. Бұл ауруға шалдыққан жануарлар көп бөлігі тірі қалмайды, делінген Россельхознадзор хабарламасында.
Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуы мамыр айының ортасында басталды, қырылған жануарлардың саны 132 мың бастан асқан. 2014 жылы Қазақстандағы киіктердің саны 256,7 мың бас жануарды құраған еді.
Россельхознадзор қарамағындағы «Жануарларды қорғау федералдық орталығы» 1-2 маусым күндері Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы киіктердің патматериалдын зерттегенін хабарлады.
«Орталық мамандарының өткізген зерттеулері аусыл, ұсақ малдардың обасы, қойлар мен ешкілердің шешегі және блютанг сияқты ерекше қауіпті аурулардың болмағанын көрсетті. Зерттелген сынамалардың барлығында В типті Pasteurella multocida - геморрогиялық септицемияның қоздырғышы анықталған», - деп хабарлады Россельхознадзор.