Ростов облысының тұрғыны тірі арыстанның күшігін сатуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ростов облысының тұрғыны арыстанның күшігін сататыны, оларды үйіне жеткізіп беретіні жайлы хабарландыруды белгілі порталдардың біріне жариялаған.

  Ростов облысының тұрғыны тірі арыстанның күшігін сатуда

«Күшіктер 5 сәуірде туған. Олар - бұрынғы цирктегі екі арыстанның күшіктері. Олардың біреуінің құны - 450 мың рубль», - деп хабарлады «Интерфаксқа» бейсенбіде жабайы жануарларды сату туралы хабарландыру орналастырған Роза есімді әйел.

Жануарлардың иесі Ростов облысы Тарас ауданында тұрады, алайда күшіктерді қызығушылық танытқан сатып алушылардың үйіне жеткізіп береді, деп атап өтеді агенттікпен әңгімелесуші.

 Ол «күшіктер - тамаша үй жануары екенін, жас кезінде иелеріне көп қиындық тудырмайтынын» нақтылаған.