Рота командирінің орынбасарынан 13 тапанша, 8 мың оқ тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы  Сергиев Посадта армия капитанынан 13 «Кольт» тапаншасы тәркіленді, деп хабарлайды Утро. ру.

Рота командирінің орынбасарынан 13 тапанша, 8 мың оқ тәркіленді

Сергиев Посадта рота командирінің орынбасарынан 13 «Кольт» тапаншасы мен 8 мың оқ-дәрі табылды.

«Капитан Александр Братишконы полицейлер құрықтады, ал көлігінен 13 «Кольт» тапаншасы табылды. Пәтерін тінту кезінде одан мылтық пен бытыра алынды. Сонымен қатар полицейлер  қапқа салынған 8 мың дана оқты тәркіледі», - деп жазады сайт.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз кезегінде капитан бұл қаруларды тек өзіне коллекция үшін жинағанын айтуда.