20:20, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Роттердам биіктігі 450 метрлік аспанмен таласқан зәулім ғимарат тұрғызбақ
МӘСКЕУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат – Роттердам биіктігі 450 метрлік зәулім ғимарат тұрғызбақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлікс «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Нидерландылық «Монолаб» сәулет бюросы қазір жобаны аяқтай келіп, оны қаржыландыратын компанияны іздестірумен айналысуда. Бюроның директоры Виллем ван Кейленбюрхтың айтуынша, қаржыландыру туралы келіссөздер әзірге бастапқы кезеңінде, әлеуетті әріптестер қаржы дағдарысына орай қорқаусоқтап тұр. Зәулім мұнараның ерекшелігі ? ол Роттердамды кесіп өтетін Масс өзенінің ортасында салынбақ. Онда тұрғын пәтерлермен қатар әртүрлі компаниялардың кеңсесі орналастырылатын болды. Жоба сәтімен жүзеге асатын болса, оны бес-жеті жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр.