Роттердамда 43-інші халықаралық кинофестиваль ашылды

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Роттердамда баламалы және коммерциялық емес киноны қолдауға бағытталған дәстүрлі 43-інші халықаралық кинофестиваль ашылды.

Роттердамда 43-інші  халықаралық кинофестиваль ашылды

Кинобайқаудың бас жүлдесіне 15 картина таласады.

Танымал кинорежиссерлар мен кино сыншыларынан тұратын білікті қазылардың үш жеңімпазды анықтаулары керек. Олардың әрқайсысына 15 мың евродан беріліп, ал одан мықтысы халықаралық деңгейде танылады. Байқауға қатысудың негізгі міндетті шарты - фильм режиссердің бірінші немесе екінші жұмысы болуы керек. Жүлденің кімге бұйыратыны 1 ақпанда белгілі болады.

Шараны ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, кинофестиваль барысында әлемнің 60 елінен 220 толық метражды және 320 қысқа метражды фильмдер көрсетіледі. Кинобайқауға жылына шамамен 300 мың адам келеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.