Роуч: Головкиндi Мейуезерден жоғары қоямын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық танымал бапкер Фредди Роучтың ойынша, заманымыздың ең үздiк боксшысы саналатын кiшi Флойд Мейуезер (47-0, 26 КО) өзiнiң мансабында боксшыларды таңдау арқылы жеңiлмей келедi. Сондықтан ол Геннадий Головкиндi одан жоғары қояды.
"Мейуезер жеңiлiссiз келе жатыр, сондықтан оны сыйламаудың ретi жоқ. Дегенмен ол әрқашан өзiне лайық боксшыларды таңдап келдi. Одан жеңiлген боксшыларға қарап, мен Флойдты үздiк деп атамас едiм. Сен ең мықтылармен күш сынасуың керек. Ол көптеген боксшылардан қорықты", - дейдi Роуч Daily Mail-ге берген жауабында.
Еске сала кетейiк, 2 мамыр күнi Роучтың тәлiмгерi Мэнни Пакьяо (57-5-2, 38 КО) Лас-Вегаста Мейуезермен кездеседi.
"Пакьяода бiрнеше ауыр жеңiлiстер орын алды. Бiрақ ол барлығын қабылдады, себебi, жеңiлiс - спорттың бiр бөлшегi екенiн түсiнедi. Бiр күнi нокаутқа кетемiн деп ойламасаң, онда сен спортты дұрыс таңдамағаның. Қазiр мен Уорд пен Головкиндi Мейуезерден жоғары қоямын. Олар өте дарынды жiгiттер және керемет боксшылар", - дейді танымал бапкер.