Роуч Головкиннің Коттодан мықты екенін білгендіктен кедергі келтіруде - Абель Санчес

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) және WBС (Interim) тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Фредди Роуч Головкиннің орта салмақтағы WBC чемпионы 34 жастағы пуэрторикандық Мигель Коттоға қарсы жекпе-жекке кедергі келтіруде деп санайды.

Роуч Головкиннің  Коттодан мықты екенін білгендіктен кедергі келтіруде - Абель Санчес

«Котто командасы тап қазіргі уақытта Головкиннің мықты екенін біледі. Олар Коттоның спорттық жолының соңғы белесі тәуір аяқталғанын қалайды, ал Головкинмен жекпе-жекке шықса, бұлай болмайды. Өйткені Роуч Котто Головкин сияқты жойқын жұдырық иесіне қарсы шығуға әзір еместігін біледі».

Еске салсақ, Головкин Мигель Коттоның чемпиондық белдігіне міндетті үміткер болып табылады. Пуэрторикандық маусымның 6-сынан 7-сіне қараған түні Австралияның бұрынғы чемпионы Дэниэль Гилмен жұдырықтасады, деп хабарлайды Allboxing.ru.