16:36, 16 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Рой Джонс Қазақстан туралы ән шығаруға бел буып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты боксшы, рэппер Рой Джонс Қазақстан туралы ән жазуға уәде етті.
Бұл туралы ол Астанада Сарыарқа велотрегінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
"Мен қазір сіздерге ән салып бере алмаймын. Бірақ АҚШ-қа келген соң міндетті түрде студияда Қазақстан туралы ән жазамын. Қонақжайлықтарыңыз жөнінде жазамын"-, деді ол.
Еске сала кетейік, әлем чемпионы қолы қалт еткенде ән жазып, клиптер шығарумен айналысады.