Ройс Да: «Егер Головкин Канелоны жеңсе, мен оны асыра бағаланған боксшы деп атауды қоямын»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ройс Да лақап атымен көбірек танымал американдық рэпер Райан Монтгомери Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен алдағы жекпе-жегі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ройс Да: «Егер Головкин Канелоны жеңсе, мен оны асыра бағаланған боксшы деп атауды қоямын»

«Головкин Канелоны есінен тандыра ма? Егер GGG Альваресті жеңсе, мен оны асыра бағаланған боксшы деп атауды қоямын, ант бердім», - деп жазды музыкант твиттерде.

Әлемнің бұрынғы чемпионы Шейн Мозли өзінің микроблогында Головкин мен Канелоның командалары жекпе-жекті өткізу туралы келіскенін хабарлады. Оның айтуынша, бокс кеші 17 қыркүйекке жоспарланған. Қазіргі кезде бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.