Роза Абдуллаева: Қиын сәтті бірлікпен еңсереміз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ халқының қанына сіңген қасиеттердің бірі- бауырмалдық. Осындай тектілігімізді қиын сәтте көрсетіп жатқанымыз бәрімізді қуантады. Бұл туралы «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Роза Абдуллаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Роза Абдуллаева: Қиын сәтті бірлікпен еңсереміз

«Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық кәсіпкерлерге үндеу жолдап, ел ішіндегі жағдайға бейжай қарамауын тапсырды. Кәсібін өрге домалатып отырған әр азамат туған өлкесі мен өз аймағындағы тұрғындарға қолдау білдіріп жатыр. Бұл бүгінгі таңда халық игілігі мен олардың сақтық шаралары үшін үлкен көмек деп білемін.

Түркістан қаласының кәсіпкерлері де бұл игі бастамадан тыс қалып қойған жоқ. Аты жаман дерттің алдын алу шараларына арнайы қор ашылып, Тұран төріндегі текті тұлғалар түгелдей атсалысуда. Сауда қатарларындағы бағаның тұрақтығын сақтап тұруы да кәсіп иелерінің жанашырлығы деп ойлаймын»,-дейді бірлестік төрағасы.

Оның пікірінше, бұл індет бәрімізді алаңдатып қойғаны рас. Сол үшін осындай қысылтаяң кезде халқына қол ұшын созған барлық кәсіпкерлерге сенім артамыз. Бұл күндерден тек бірлігіміз бен татулығымызды ту етіп қана шыға аламыз.


Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ
Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ