Роза Әлқожаның жаңа альбомының тұсаукесері өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда әнші, ақын, сазгер Роза Әлқожаның "Мына өмір ғажап қандай" деп аталатын жаңа альбомының тұсаукесері өтті,

  Роза Әлқожаның   жаңа альбомының тұсаукесері  өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9-шы сыныптан бастап ән шығара бастаған жас сазгердің қазіргі таңда қырыққа жуық әні бар. Оның «Мен сыйға тартқан орамал» деп аталатын алашқы альбомы 2008 жылы жарық көрген болатын. Жаңа альбом "Мына өмір ғажап қандай" деп аталатын бұл альбомының тұсаукесері Қазақстан Жазушылар одағына 75 жылдығына арналған алғашқы шығармашылық кешінде кесілді. Екі күйтабақтан тұратын бұл жинаққа автордың Роза Әлқожаның орындауындағы "Аташым", "Мен сыйға тартқан орамал", "Жеңеше", " Астана", "Ол көктем оралмайды", "Атамекен", "Шәйі орамал" сияқты 26 шығарма еніп отыр. Сондай-ақ Ақбота Керімбекова, Ажар Түзелбекқызы, Әлия Әбікенова, Баян Нұрмышева, Бауыржан Бегасов, Жанар Маликов, Еркін Нұржанов, Ләззат Жанаманова, Орынбай Еламанов пен "Кеме қалған" тобының орындауындағы 13 ән топтастырылған. Олардың қатарында Жарас Сәрсек, Исраил Сапарбай, Есенқұл Жақыпбеков сияқты ақындардың сөзіне жазылған "Бақыт қайда", " Сағындым сені", "Бақыттымын", "Ардағымсың", Жібектің елі", "Сағынғаным болмаса", "Ғашықпын", "Кездесейік Алматыда" деген туындылар бар.