13:46, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Роза Отынбаева ресми түрде Қырғызстан Республикасы Президенті қызметіне кірісті
БІШКЕК. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Бішкекте Тоқтағұл Сатылғанов атындағы ұлттық филармония ғимаратында мемлекет басшысы Роза Отынбаеваның қызметіне ресми түрде кірісуіне арналған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шараның басында ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшысы Ақылбек Сариев референдумның ресми нәтижелерін мәлім етіп, Роза Отынбаеваны бүкіл халық сайлаған Қырғызстан президенті ретінде жариялады, содан соң сәйкес куәлікті табыс етті.
Р.Отынбаева Қырғызстан халқына ант берді. Ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан соң ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшысы А.Сариев Р.Отынбаеваға байрақ пен ҚР президентінің төсбелгісін тапсырды.
Өтпелі кезеңдегі президент өз сөзін ел алдында тұрған басым міндеттерге арнады.