Роза Рымбаева Мәдина Сәдуақасованың ұлының тұсауын кесті (ФОТО)

Ұлттық арнаның «Роза шақырады» атты музыкалық шоу бағдарламасына Мәдина ұлымен бірге қонаққа келген болатын. Сол жерде Әнуардың тұсауын кескен өнердегі әпкесі ақ жол тілеп, жолы ашық болсын деп батасын берді. Роза нәрестенің тұсауын артынан кеседі екен. Ол баланың алдын байламау керек деген ырым шығар. Бастысы ата-анасы дән риза болып, есте қалатын тарихи сәтке айналды.
Мәдина Сәдуақасова өзінің Инстаграммдағы парақшасына: «Әнуар ұлымыздың тұсаукесер рәсімін еліміздің мақтанышы Роза Рымбаева апамыз жасады. Ол кісіге отбасымыздың атынан үлкен рахметімізді айтқымыз келеді. Баламызға әдемі тілектерін айтып, ақ жол тілеп, батасын беріп үлкен жолға тәй-тәй басқызды. Әнуарға сіздің жолыңызды берсін, Роза апай», - деп Роза Қуанышқызына алғысын білдірді.