Роза Рымбаева: Нұр-Сұлтан – тәуелсіз Қазақстанның символына айналды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астана күні қарсаңында Алматының белгілі мәдениет қайраткерлері Нұр-Сұлтан қаласына өз құттықтауларын жеткізіп, Қазақстанның басты мегаполисіне деген көз қарастары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Роза Рымбаева: Нұр-Сұлтан – тәуелсіз Қазақстанның символына айналды

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева астананың бірегей екенін айтып, ерекшелігіне тоқталды.

«Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Жыл сайын біз еліміздің жетістігін атап өтеміз. Бүгінде Нұр-Сұлтан әсем үйлері мен саябақтары бар әдемі қала. Бұл заманауи, бірегей, дамыған мегаполистің үлгісі. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы бізге жаңа өмір сыйлады. Жаңа қала, жаңа құрылыстар, даңғылдар, Қазақстанның өткенін артта қалдырды. Нұр-Сұлтан тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды», — деді әнші.

Роза Рымбаева Қазақстанның әрбір қаласына Нұр-Сұлтандай дамуын тіледі.