Роза Рымбаева шығармашылығының 40 жылдығына арналған клип шығарды - ВИДЕО

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Желіде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбеваның «Ән қанатым» атты композициясына түсірілген жаңа клип шықты. Бейнебаян отандық эстрада жұлдызы шығармашылығының мерейтойына арналған.

Роза Рымбаева шығармашылығының  40 жылдығына арналған клип шығарды - ВИДЕО

«Ән қанаты» композициясы - әндер әнұраны. Біз оған сахнаға алғаш шыққан күнімнен бастап түсірілген барлық видеоматериалдардан үзінді қостық. Бұл өлең - менің ғұмырым. Клиптің кей сәттерінде мен өзімді танымаймын. Кей жерде әдемі болсам, кей жерде сүйкімді, кей жерде өзіме тіпті ұнамаймын. Себебі шығармашылығымның бас кезінде мен мүлдем боянуды білмейтінмін. Концертке киетін әдемі костюм де жоқтың қасы еді. Көрермендер бұл клиптен менің өмір жолымды көретін болады», - деді әнші «Р. Рымбаева. Сахнада 40 жыл. Ертеңіме сенемін» мерейтойлық концертінің алғашқы DVD дискісінің шығуына арналған баспасөз конференциясында.

Әншінің ұлы музыкант Әли Оқапов көрермендер оның анасының 40 жылдық шығармашылығын 3 минутта тамашалай алатынын атап өтті.