Рождество әр жыл сайын діндар жамағаттың үйлерінде жарқын үміттер ұялатып, жақсылыққа сенімін нығайтады - ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф еліміздің барлық православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Рождество әр жыл сайын діндар жамағаттың үйлерінде жарқын үміттер ұялатып, жақсылыққа сенімін нығайтады - ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф

«Бұл тамаша мереке діндар жамағаттың әр үйлерінде жарқын сенімдер ұялатып, жақсылыққа сенімін нығайтады, қайырымдылық, төзімділік және ізгілік сезімдеріне бөлейді. Мыңдаған жылдар миллиондаған христиандар бұл тамаша дәстүрді жалғастыра отырып, рухани тазаруға қуанады, сол арқылы адамгершіл мұраттарға ұйиды. Қазақстанның православ шіркеуі де бұдан әрі рухани және адамгершіліктің маңызды қорғаны бола отырып, елімізде бейбітшілікті, келісім мен бірлікті нығайту ісіне қызмет ететініне сенімдімін», делінген құттықтау жеделхатында.