Рождество - достық пен өзара сыйластықтың мерекесі - ҚХА

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы  еліміздің православие дінін ұстанушы азаматтарын және барлық қазақстандықтарды   жарқын мереке - Рождествомен  құттықтады.

Рождество - достық пен өзара сыйластықтың мерекесі - ҚХА

«Рождество мерекесі біздің қазақстандық рухани құндылықтарымыздың бағасын асырып, олардан нәр алуға бастайды. 

Рухани байлық әр кезде де Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, қуат беріп, әр азаматты  игілікті істерге,  жеңістер мен жасампаз еңбекке бастаған.  

Рождество, қазақстандықтардың  діни немесе этностық шығу тегіне қарамастан,  баршаға түсінікті  мереке» делінген құттықтауда.     

Одан бөлек, бұл елімізді мекен еткен конфессиялар мен этностар арасындағы достық пен өзара сыйластықтың айқын көрінісі екені айтылған құттықтауда: «Бұл - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік үлгісінің  жүзеге  асырылуының нәтижесі». 

«Рождество мерекесі сіздер және отбасыларыңыз үшін  сыйластықтың, сүйіспеншілік пен өзара түсіністіктің мерекесіне айналсын!  Ақ ниетті  асыл армандарыңыз орындалсын. Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен береке, татулық пен мейірімділік тілейміз!» деп түйінделген құттықтау сөзінің соңы.