Рождество күні Жерге жақын қашықтықтан алып астероид ұшып өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA ғарыш агенттігі алдыдағы аптаның басында Жердің қасынан Гизадағы Ұлы пирамидадан да үлкен алып астероид ұшып өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Все о космосе» сайтына сілтеме жасап.
None
None

Еске сала кетейік, Хеопс (Хуфу), Гизадағы Ұлы пирамида - Көне Мысыр елінің ең ірі пирамидасы, сәулет өнерінің ескерткіші, «Әлемнің жеті кереметінің» біздің заманымызға дейін жалғыз сақталғаны және олардың арасында ең көнесі: оның жасы шамамен 4500 жыл.

Asteroid 2016 AZ8 деп аталып кеткен аспан денесі Жерге 7 қаңтардың таңында жақындай түседі деген болжам бар.

НАСА-дағы реактивті қозғалыс зертханасының ғалымдары астероидтің Жерге жақындауының уақытын Гринвич бойынша таңғы сағат 6:41-де, жергілікті уақытпен сағат 09:41-де деп шамалап отыр, оның көлемі диапазонда 170 метр және диаметрі 380 метр болатыны бағаланған, делінген хабарламада.

Earth Impact Effects Program-ның есептеуінше, осындай көлемдегі астероидтің соққы күші тротил эквивалентінде шамамен 3300 мегатоннаны құрайды.

Абырой болғанда, соққы болада деген болжам жоқ, 2019 жылдың 7 қаңтарында, дүйсенбі күні Asteroid AZ8 астероиды біздің ғаламшарымыздан 4,45 млн шақырым жерден ұшып өтеді. Оның жылдамдығы секундына 9,15 шақырымнан асады, деп аталып өткен таратылған ақпаратта.

Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар