Рождество мейрамы Орал қаласында да кеңінен тойланды

ОРАЛ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат -  Рождество мейрамы Орал қаласында да кеңінен тойланды. Православие дінін тұтынушылар мерекесі әдеттегідей қаладағы шіркеулерде өткізілді.

Рождество мейрамы Орал қаласында да кеңінен тойланды

7 қаңтар күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қаладағы Құтқарушы Христ храмындағы салтанатты рәсімге қатысып, жиналғандарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мұнда облыс басшысымен бірге оның орынбасары Серік Сүлеймен, қала әкімі Болат Шәкімов келді.

Аталмыш храмға биыл бес мыңдай адам келді. Орал және Ақтөбе архиепископы Антонийдің атап өткеніндей, мұндай ізгі мереке адамдарды бір-бірін сыйлауға, жақсылық атаулыны қастерлеуге жетелейді.