Рождество мейрамын көпшілікпен атап өтуге шектеу қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елде Төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты 7 қаңтарда Рождество мейрамы көпшілікпен атап өтілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рождество мейрамын көпшілікпен атап өтуге шектеу қойылды

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі таратқан мәліметте айтылған.

«Қазақстанның бүкіл аумағында Төтенше жағдай жарияландуына байланысты бұқаралық іс-шаралардың бәрі, соның ішінде, ғибадат ғимараттарында өтетін (мешіт, шіркеу, синагога, мінәжат үйлері) діни рәсімдер мен жоралғылардың да уақытша тотатылды. Сонымен қатар 7 қаңтар күні атап өтілетін Православ қауымының діни мейрамы - Рождество кезінде де аталған шектеулерді сақтауға және түсіністік танытуға шақырады», - делінген министрліктің мәліметінде.