Руанда Парламенті ел аумағында «ВВС» телеарнасының таралуын тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Руанда Республикасының Парламенті 1994 жылы болған геноцид туралы деректі фильм түсіргені үшін ел аумағында «Би-би-си» телеарнасының таралуына тоқтау салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ВВС.
«Руанда: айтылмаған тарих» бағдарламасында 20 жыл бұрынғы трагедиялық оқиға туралы әртүрлі көзқарастағы адамдардың пікірлері, соның ішінде қазіргі биліктің қарсылығын тудыратын ой-тұжырымдар айтылған.
Руанда Парламенті депутаттары, телеарнаның тарауын тоқтатып қана қоймай, фильмді түсіруге көмектескен репортерлар мен продюсерді сотқа бермек.
Ел астанасы Кигали қаласындағы Би-би-си бюросының алдында 150 адам митинг өтті.
Қоғамдық жиынға қатысушылар корпорацияның директоры Тони Холлға ашық хат жолдап, фильмді түсірушілер геноцид құрбандарын қорлағанын және тарихты бұрмалағанын айтты.