Руандаға қумас үшін мигранттар Ұлыбританиядан Дублинге қашып жатыр

мигрант
Фото: Euronews

АСТАНА. KAZINFORM – Ирландиялық БАҚ-тың хабарлауынша, өткен аптада елге 610-нан астам адам келген, оның ішінде балалы отбасылар бар. Ирландияға мұнша адам әдетте екі айдың ішінде келетін еді, деп хабарлайды Еuronews. 

Мемлекеттік мекемелер Дублинде пана іздеушілер басып алған шатырларды алып тастап жатыр. 

Бірнеше апта бойы Халықаралық қорғау кеңсесінің маңы антисанитариялық жағдайда қалды.

Одан кейін мигранттар баспана тапшылығына байланысты жолдан 200 метр жердегі каналға орналасты.

Бейсенбіде ол жерден де шатырлар алынып, адамдар тұруға қолайлы жерге көшірілді.

Ұлыбританияда орналасқан Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара ашық, ал заңсыз мигранттар көбейіп барады.

Хайбер Euronews тілшісіне Ауғанстаннан қашып, Дублинге келгенін, ол Ұлыбританияда қалса, Руандаға депортациялай ма деп қорқатынын айтты.

«Ұлыбританияда қалуым керек еді, бірақ Руанда жоспарына байланысты мәселе туындады, мигранттарға оны қабылдау өте қиын және әрбір пана іздеуші одан қатты қорқады, сондықтан мен Ирландияға келдім. Олар бізге қазір баспана жоқ екенін айтты, сондықтан күтеміз. Бізге қашан баспана беретінін білмейміз, қазір біз жай ғана шатырда тұрып жатырмыз», — деді ол.

Алдағы апталарда Ирландия үкіметі билікке заңсыз мигранттарды Ұлыбританияға қайтаруға мүмкіндік беретін заңнамаға өзгеріс енгізуді көздеп отыр.

Сарапшылар жағдайдың жақсаратынына күмән келтірді.

Соңғы жаңалықтар