Рубио мен Уиткофф Украина келіссөзін талқылау үшін Парижге барады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы елші Стив Еиткофф еуропалық көшбасшылармен Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Францияға барады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

— Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен елші Стив Уиткофф президент Дональд Трамптың Ресей-Украина соғысын және қантөгісті тоқтату мақсатын алға ілгерілету үшін еуропалық әріптестерімен келіссөз жүргізу мақсатында 16-18 сәуірде Парижге (Франция) барады. Парижде ол аймақтағы ортақ мүдделерді ілгерілету жолдарын да талқылайды, — деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті.
Politico Europe хабарлауынша, Уиткофф Франция президенті Эмманюэль Макронмен, ал Рубио — Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барромен кездеседі.
— Бұл бейбіт келісім бес аумақ деп аталатын аймаққа қатысты. Бұл аумақтар - Қырым, Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстары болуы мүмкін, — деп мәлімдеді дүйсенбіде Уиткофф Fox News арнасына. Бұл туралы UPI хабарлады.
Бітім жасалған жағдайда Франция президенті Киевтің қауіпсіздік кепілдігін алғанын, оның ішінде құрамына 30-ға жуық ел кіретін, алтауы өз әскерін беруге дайын екенін білдірген «ниет білдіргендер коалициясы» қолдаушы күштерінің Украина аумағында орналастырылуын қалайды.
Сәрсенбіде Украина президенті Владимир Зеленский бұл идеяны қолдамайтынын мәлімдеді.
— Біздің ұстанымымыз нақты — уақытша оккупацияланған кез келген аумақты Украина жерінен басқа деп тануға – мүлде жол берілмейді. Бұл – біз үшін қызыл сызық, - деді ол.
Кездесуде АҚШ пен Франция өкілдері Иран мен екі ел арасындағы сауда баждарын де талқылайды, деп жазды Politico.
Бұған дейін Санкт-Петербургте АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенін жазған болатынбыз.