Рубль бағамы құлдырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні сауданың алғашқы минуттарында ресейлік рубль бағамы АҚШ долларына қарағанда 30 тиынға және еуроға қарағанда 29 тиынға төмендеді. 14 сәуірде Ресейдің қазынашылық мекемесі РФ қаржы министрлігімен бірге халықаралық резервтерді ұлғайту үшін валюта сатып алуды қайта жандандырды, деп хабарлады Би-Би-Си.
Осылайша, бағам бір доллар үшін 35,95 рубль, еуро үшін 49,77 рубльге тең, деп нақтылады Мәскеу биржасында.
РФ Қаржы министрлігі күн сайын Ресей банкінен шетелдік валютамен 3,5 миллиард рубль қаражат сатып алып отыруға ниетті.
Биылғы жылдың наурыз айының басына қарай доллар мен еуродан есептелінген бивалюталық қоржынның бағасы Ресейдің орталық банкінде бекітілген «дәлізден» асып кеткен еді. Осыдан кейін қаржы министрлігі шетелдік валютаны сатып алуға мораторий белгіледі. Ол бес аптаға жалғасты.