23:06, 11 Наурыз 2024 | GMT +5
Рудный тұрғындары электр жарығынсыз отыр
РУДНЫЙ. KAZINFORM — Қостанай облысының Рудный қаласында электр қуаты ішінара сөніп қалды.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Рудныйдың орталық қосалқы стансадан қуат алатын кабелі зақымданған.
Осыған байланысты қаланың 4 көшесінде электр жарығы өшіп қалған.
«Ақау табылды, оны „Аттика“ ЖШС мамандары жөндеп жатыр. Жағдай Рудный қаласы әкімдігінің бақылауында» делінген хабарламада.