Рудныйда 700-ден астам тұтынушы газсыз қалды

Апат газ тарату құбырында мұз кептелуінен болған. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Kazinform.

Газ
Фото: Виктор Федюнин

Рудныйда 11 жер үй мен көпқабатты тұрғын үйлердегі 720 пәтер газсыз қалған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдары сағат 18:00-де жойылып, барлық тұтынушы қайта газға қосылды.

- Апат шығуына газ тарату құбырында мұз кептелуі себеп болған. Нысан Рудный қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің теңгерімінде. Қалпына келтіру жұмыстарын мердігер ұйым мен жергілікті атқарушы органдардың 12 адамы жүргізді, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ ведомство өкілдері нысанның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының балансында еместігін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар