Рудныйда интернет сапасы нашар болғаны үшін байланыс операторлары айыппұл төледі

РУДНЫЙ. KAZINFORM - Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологиясында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылғанын анықтады.

интернет
Фото: Pexels

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторларына жалпы сомасы 10 млн  теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ олардың атына кемшілікті жою туралы нұсқама енгізілді.

Оны орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалды.

Соңғы жаңалықтар