Рудныйда кәріз құдығынан мәйіт табылды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Рудный қаласында кәріз құдығынан күйіп қалған ер адамның денесі табылды. Марқұмның кім екені әлі анықталмай жатыр.

врачи
Фото: Артем Викторов/Kazinform

Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіт Рудныйдағы кәріз құдығынан табылған. Бұл кәріз құдығында қоқыс жанғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта марқұмның кім екендігі белгісіз. Сол үшін полицейлер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

- Тәртіп сақшылары мәйіттің табылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті шаралар жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталып жатыр, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Рудныйда Тобыл – Торғай бассейндік инспекциясының басшысы пара алғаны үшін 33,3 млн теңге айыппұл төлейтіндігі хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар