Рудныйда пластик қалдықтарға екінші өмір сыйлаған экологиялық шеберлік сабағы өтті

РУДНЫЙ. KAZINFORM — «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Рудный қаласының еріктілері жастар арасында экологиялық ойлауды дамытуға және саналы тұтыну қағидаттарын насихаттауға бағытталған «Заттарға екінші өмір» атты шеберлік сабағын өткізді.

Рудныйда пластик қалдықтарға екінші өмір сыйлаған экологиялық шеберлік сабағы өтті
Фото: Рудный қаласының әкімдігі

«Рудненский добряк» қалалық штабының еріктілері қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және практикалық дағдыларды дамыту мақсатында пластикалық бөтелкелерден кашпо жасау бойынша экологиялық шеберлік сабағын ұйымдастырды. Шеберлік сабағына белсенді ұзақ өмір сүру клубының мүшелері мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара 30 адамды қамтыды.

Рудныйда пластик қалдықтарға екінші өмір сыйлаған экологиялық шеберлік сабағы өтті
Фото: Рудный қаласының әкімдігі

Іс-шара барысында қатысушылар қайта өңделетін материалдардан ерекше әрі функционалды кашпо жасауды үйренді. Ұйымдастырушылардың жетекшілігімен пластикалық бөтелкелер интерьер мен сыртқы кеңістіктерді көгалдандыруға пайдалануға болатын сәнді бұйымдарға айналды.

Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды: кашпо дайындалғаннан кейін қатысушылар оларға өсімдік көшеттерін отырғызды. Бұл олардың алған білімдерін бекітіп қана қоймай, көгалдандыруға және қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді.

Рудныйда пластик қалдықтарға екінші өмір сыйлаған экологиялық шеберлік сабағы өтті
Фото: Рудный қаласының әкімдігі

— Біздің мақсатымыз — қарапайым заттардың да екінші өмірге ие бола алатынын көрсету. Осындай шеберлік сабақтары арқылы біз экологиялық мәдениетті қалыптастырып, әртүрлі буын өкілдерін қоршаған ортаны қорғауға тартамыз, — деді «Рудненский добряк» еріктілер штабының жетекшісі Мин Вероника.

Іс-шара достық әрі шығармашылық атмосферада өтіп, экологиялық бастамалар мен тұрақты дамуға қызығушылық танытқан жастарды біріктірді. Қатысушылар шеберлік сабағының практикалық маңызын атап өтіп, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендерін білдірді.