Рудныйда салмағы бес келіден асатын қыз бала дүниеге келді

АСТАНА. KAZINFORM — Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 5 келі 190 грамм қыз бала дүниеге келді. Бұл жыл басынан бері төртінші үлкен нәресте.

Рудныйда салмағы бес келіден асатын қыз бала дүниеге келді
Фото: Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі

Ляйсан есімді сәби 10 сәуірде дүниеге келген. Туған кезде оның салмағы 5 келі 190 грамм, бойы 55 сантиметр болған.

Бұл Рудный қаласының тұрғыны Индираның екінші баласы. Тұңғышы 3 келі 100 грамм салмақпен дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз бен анасының жағдайы жақсы.

— Мен 37-аптада УДЗ-ға түстім, олар баланың салмағы шамамен 3700 грамм деп есептеді. Әрине, 41 аптада нәресте 5 келіге дейін өскен кезде қатты таң қалдым. Қызымның да, менің де жағдайым жақсы. Есімді жолдасым екеуміз бірге таңдадық — бізге Ляйсан есімі ұнады, дейді нәрестенің анасы.

Осымен Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында жыл басынан бері салмағы 5 келіден асатын төртінші нәресте дүниеге келіп отыр.

Бұған дейін Түркістан облысында салмағы 6 келі 15 грамм, бойы 63 см алып сәби өмірге келді.

Соңғы жаңалықтар