Рудный: Әкімшілік полиция бөлімінің экс-басшысы орынбасарымен бірге істі болды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный ішкі істер басқармасы әкімшілік полициясы тіркеу-емтихан бөлімінің бұрынғы бастығы және оның орынбасары бірнеше рет пара алғаны үшін сотталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.
Рудный ІІБ Әкімшілік полициясы тіркеу-емтихан бөлімінің бұрынғы бастығы, 1973 жылы туған П. және оның орынбасары, 1982 жылы туған Ш.-ның ісі қазір Рудный қалалық сотында қаралып жатыр.
«Олар 2017 жылғы желтоқсаннан 2018 жылғы қаңтарға дейін мансабын пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдарын тіркеу және емтихансыз жүргізуші куәлігін беру үшін пара ретінде бірнеше рет ақша алып келген», - дейді облыстық сот өкілдері.
Осы іс бойынша басты сот отырысы 9 сәуірге белгіленген.