Рудный қаласында мектеп-лицей карантинге жабылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Рудный қаласы №4 мектеп-лицейінің оқушылары мен педагогтер құрамы үй карантиніне алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный қаласында мектеп-лицей карантинге жабылды

Ақпаратты Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады. Білім беру мекемесінің бір қызметкерінен коронавирус анықталған. Осыған байланысты оқушылар мен мұғалімдер 16-23 қазан аралығында үй карантиніне жіберілді.

«Қазіргі уақытта оқушылар мен педагогтер арасында ауру дерегі тіркелген жоқ. Аурудың алдын алу мақсатында балалар мен қызметкерлер үй карантиніне жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында.