Рудныйда 15 жасар қыз Тобыл өзеніне батып кетті

РУДНЫЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 15 жасар қыз суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

29 мамыр күні сағат 19.15 кезінде Рудный қаласы Парковая көшесі бойында Тобыл өзенінің әкімшілік аумағында құтқарушылар 2007 жылы туған жасөспірімнің мәйітін судан шығарды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз 29 мамыр күні шамамен 17.15-те шомылуға арнап жабдықталмаған жерде суға түскен.

Сонымен қатар оның сол жерде достарымен бірге болғаны анықталды.

Су қоймасының осы бөлігінде шомылуға тыйым салу белгісі бар.


Соңғы жаңалықтар