Рудныйда 18 жастағы жігіт иесіз үйдің шатырынан құлап мерт болды
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында жас жігіт шатырдан құлап мерт болды. Аталмыш жайтты Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға жөнінде ең алдымен Instagram-дағы рудныйлық пабликте жарияланды. Кейін оны облыстық полиция департаменті растады.
«Рудный қалалық полиция басқармасы 18 жасар жігіттің иесіз ғимараттың шатырынан құлап, ажал құшуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деп мәлім етті ведомство.
Полиция істің басқа да егжей-тегжейі туралы хабарламады.