Рудныйда бұзақылар 5 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласы полиция басқармасының қызметкерлері құны 5 000 000 теңге болатын алтын бұйымдарын ұрлауға қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудныйда бұзақылар 5 млн теңгенің алтынын ұрлап кеткен

Оқиға Рудный қаласы Корчагин көшесіндегі «ГУМ» сауда орталығының бутиктерінің бірінде болған. Белгісіз азамат жертөледегі еденді бұзып, зергерлік дүкенге кіріп, ұрлық жасаған.

«Жедел тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 24 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін толық мойындады. Бұл азамат тонаушының ұрлап әкелген заттарын сатуға көмектескен», - дейді Рудный қаласы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Максим Греков.
Қазіргі уақытта екінші күдіктінің кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары қабылдануда. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұрланған зат Қостанай қаласының ломбардтарынан жартылай тәркіленді.