Рудныйда екі адамды өлтіруге күдіктілер ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудниый қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонынан металл сынықтарын жинаушылар қоқыс жинайтын жерде ресми емес түрде күзетші болып жұмыс жасайтын екі адамды қатығездікпен өлтірді. Қылмыскерлер олардың үстіне бензин құйып өртеп жіберген.
None
None

Қостанай облысы ІІД тергеу баққармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сейітовтің ақпараты бойынша, осы қылмысты жасауға күдікті 25-43 жастардағы бес жергілікті тұрғын ұсталған, оларға қатысты соталды тергеу жұмыстары басталды. Олар айыптарын мойындауда.

Күзетшілер мен қылмыскерлер арасындағы жанжал бірнеше келі түсті металға таластан шыққан. Зардап шеккендердің денесін 95 пайыз күйік шалып, олар оңалту бөлімінде көз жұмған. 

Соңғы жаңалықтар