Рудныйда Мұз сарайы өртенді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Кеше кешке Рудныйда орналасқан Мұз сарайының подвалынан өрт шықты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«13 ақпан күні 21:50-де Ленин көшесі 56-үйде орналасқан «Спорт мұз сарайы» МҚКК қоймасындағы ағаш қалдықтар өртенген. Өрт 22:22-де тоқтатылды және 22:37-де толық сөндірілді. Жалын тілі 30 шаршы метрді шарпыды Бес адам эвакуацияланды (балалар жоқ)», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 3 дана арнайы техника және өртке қарсы қызмет жеке құрамынан сегіз адам жұмылдырылды.
Сарайдағы өрттің тұтануы және оның сөндірілуі жергілікті әлеуметтік желілерде белсенді талқыланды.